Павлодар тұрғынының атынан әпкесі 1 млн теңгеге несие рәсімдеген
2022 жылғы 28 мамыр 20:29

Павлодар тұрғынының атынан әпкесі 1 млн теңгеге несие рәсімдеген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 63 жастағы әйел павлодарлық туысының ұялы телефонынан банкке қоңырау шалып несие рәсімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биыл наурызда Павлодар тұрғыны Өскеменнен келген әпкесіне қонаққа барған. 63 жастағы өскемендік туысы қоңырау шалу үшін ұялы телефонын сұрап, басқа бөлмеге кетіп қалады. Кейін анықталғандай, әпкесі павлодарлық туысының атынан банкке хабарласып, 1 млн теңгеден астам сомаға несие рәсімдеген. Зардап шегуші болған жайт туралы банк қызметкерлері несиенің төленбеуіне қатысты хабарласқан кезде білген», - делінген ресми хабарламада.

Қазір Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес алаяқтық фактісі бойынша соталды тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Күдіктіге қатысты «келу міндеттемесі» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Осы орайда полиция қауіпсіздік шарасын сақтауға шақырады. Ұялы телефонды бөгде кісі аша алмауы үшін құпиясөз қойыңыздар. Жеке деректер мен ПИН-кодты біреуге бермеңіздер», - деген ескерту жасады аталған ведомство.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT