Павлодар тұрғындары қазақ тілін қаншалықты біледі

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде қалалық сауда үйлерінде алғаш рет «Қазақшаңыз қалай?» акциясы өтті. 

 Бұл туралы облыстық тілдерді дамыту басқармасының  бөлім маманы Самат Құшмағұлов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Шара адам көп  жүретін «Манақбай» сауда үйінен  басталды. Оған «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің белсенді студенттері атсалысты.   Барлығы 40 шақты адам қамтылды»,- дейді Самат Құшмағұлов.

 Қала тұрғындарына жастар мен басқарма мамандары облыстың 80 жылдығына орай өңір тарихы, қазақтың белгілі ақындары мен билері, аймақтағы  танымал тұлғалар, Кеңес Одағы Батырларының есімдерімен аталған көшелер туралы сұрақтар қойған. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының маңыздылығы  бойынша сауалнама жүргізілді.



Сұрақтарға ең белсенді жауап берген, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі жоғары қатысушыларға Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы,  Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі»  повесі сияқты белгілі жазушылардың туындылары  түсірілген  электронды кітаптар сыйға тартылды.   

Соңғы жаңалықтар