Павлодар тұрғындары қала күнін атап өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ertis Promenade сахнасында Нұржан Әшімбетов павлодарлықтарды қала күнімен құттықтап, шаһардың көптен бергі тұрғындарына «құрметті азамат» атағын табыстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Павлодарда қаласының 298 жылдығы Ертіс жағалауында тойланды. Ertis Promenade сахнасында жергілікті және омбылық ұжымдар театрландырылған қойылымдарын көрсетті.

Павлодар әкімі Нұржан Әшімбетов өз сөзінде қаланың күннен күнге дамып келе жатқандығына баса тоқталды. 

«Оған инвесторлардың қосып жатқан үлесі зор. Олар Павлодарды абаттандыру мен көркейтуге қомақты қаржы бөлуде. Әр павлодарлықтың қаламызды жақсартуға мүмкіндігі бар. Сол жолда аянып қалмайтын сіздерге алғысым шексіз», - деді ол.

 Сонымен қатар, Ertis Promenade-да қалалық мәслихаттың 37-сессиясында қабылданған шешім бойынша «Павлодардың құрметті азаматы» атағы қаланың тоғыз тұрғыны мен ақсақалдарға берілді.

Сондай-ақ, Нұржан Әшімбетов Омбы мен Новосібір басшыларына екі жақты қарым-қатынасты дамытуға қосқан  үлестері үшін марапаттар беріп, қаланың дамуына үлес қосқан павлодарлықтарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды табыстады.
nullnull
null
null

Соңғы жаңалықтар