Павлодар топырағы бар капсула Молдовадағы Қанаш Қамзиннің бюсті жанына көміледі

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Санкт-Петербургте Молдова өкілдеріне Павлодардың бір уыс топырағы салынған «алтын» капсула табысталды. Оны Молдовада Кеңес Одағының батыры Қанаш Қамзинге орнатылған бюстің жанына көму жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы екі мерейтойлық дата бар. Биыл Қанаш Қамзиннің туғанына 100 жыл және өмірден өткеніне 75 жыл толады», - деді «Майдан жолы» Павлодар зерттеу жасағының командирі Александр Шитов.

Александр Молдовада Қанаш Қамзиннің мүсінінің жанына Павлодардың бір уыс топырағы салынған капсуланы көму үшін «Еске алу капсуласы» патриоттық акциясын бастады.

«Акцияны жүзеге асыру аясында Молдованың қоғамдық іздеу қозғалысының көшбасшыларымен, «Бірлікпен келген Ұлы Жеңіс» форумының ұйымдастырушыларымен, батырдың туысы Қамзина Биғайша Шәкіқызымен, «Генералдар кеңесі» өкілі (Алматы), генерал-майор Қайдаров Рүстем Есімханұлымен, ERG Еуразия тобы өкілімен алдын ала келісім жүргіздік», - деп бөлісті А.Шитов.

Осы келіссөздерден кейін форумда Александр Шитов Қазақстан өкілі ретінде Молдова Республикасының өкілдеріне «алтын капсуланы» тапсыратыны шешілген.

«Алтын» капсула Молдоваға аттандырылады, ал жасыл түсті капсула Кингисеппе қаласындағы (Ресей) қазақстандық жауынгерлерге арналған жаңа гранитті ескерткіштің түбіне көміледі», - деп қосты ол.

Соңғы жаңалықтар