Павлодар полициясы қала сыртында аязда тоңып қалған отбасын құтқарды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазаАқпарат – Павлодар облысының полицейлері қатты аязда жол қозғалысына қатысушыларға көмек көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төртінші қаңтар күні мен отбасыммен бірге Павлодар қаласынан Ақтоғай ауданына жолға шықтым. Алайда қатты аяздың салдарынан көлігіміз сынып қалды; мүлдем жүрмей қалды, ал далада – 40° аяз. Біраз уақыттан кейін тоңа бастадық, тасжолда бірде-бір көлік болмады, ешкім де өтпеді; мен отбасым алаңдай бастадым, әбүйір болғанда полиция қызметкерлері дер кезінде келді, – деп жазды Павлодар облысы Ақтоғай ауданының тұрғыны Андрей Супрун полиция қызметкерлеріне алғыс хатында. – Бұл құрамында Ерболат Желкайдаров пен Нұрсұлтан Ахметжанов бар Павлодар облысының патрульдік полициясы ротасының 0061 нөмірлі экипажы болды. Балалар тоқтап, ыстық шай берді, машинамызды Ақтоғай ауданына дейін сүйреп апарды».

Оның айтуынша, полиция оларды үйге дейін жеткізген. Ол тәртіп сақшыларының өтіп кетпей көмектескені үшін, отбасын суықта қалдырмағаны үшін алғысын жеткізді.

Сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жұмыста сәттілік тіледі.

Полицейлер өз кезегінде жолда қалған жүргізушілер мен олардың жолаушыларына көмек көрсету олардың міндеті екенін атап өтті.

«Павлодар облысының полиция департаменті алыс жолға шықпауға және ауа райы мен тасжолдың жай-күйі туралы хабарламаларға құлақ асуға кеңес береді. Жолда қиын жағдайға тап болған жол қозғалысының барлық қатысушылары тәулік бойы 102 нөмірі бойынша ішкі істер органдарының бөлімшелерінен көмек сұрай алады» деп толықтырды өңірлік полиция департаменті.



Соңғы жаңалықтар