Павлодар полицейлері тұрмысы төмен отбасыларының 100 баласын мектепке әзірледі
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының полицейлері «Мектепке жол» акциясының ауқымында 100 бала үшін бір жарым миллион теңгеге жаңа оқу жылына мектеп жабдықтары мен киімдерін алып берді, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
ІІД аппараты қызметінің қызметкерлері тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан 30 мектеп оқушысын әзірледі. Балаларға мектеп формасын және оқу құралдарын алып берді. Ұйымдасқан қылмыспен және есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері анасының бір өзі тәрбиелеп отырған бір отбасының үш қызын барлық керек-жарағымен қамтамасыз етті. Балаларға мектеп формасын, мектеп сөмкесін, оқу құралдарын, сондай-ақ күрте мен аяқ киім алып берді, ал олардың анасына - гүл сыйлады.
Бұл ізгілікті істен ІІД кадрлық аппаратының қызметкерлері де қалыс қалмады. Қала маңындағы Кенжекөл ауылының тұрғыны облыстық телевизия арқылы балаларына көмектесуді сұраған болатын. Бұл өтінішке алғашқы болып кадр бөлімінің полицейлері қол ұшын созды. Олар анасының бір өз өсіріп отырған екі ұл балаға барлық қажетті нәрселерін алып берді.
Павлодар ІІБ ювенальдық полиция қызметкерлері Жетекші ауылында тұратын тұрмысы төмен отбасының балаларын мектепке даярлауға көмектесті.
Жаңа оқу жылы қарсаңында мұқтаж жандарға материалдық қолдау дер кезінде жасалған ізгілікті іс болды.
- Павлодар облысында ұстаздар қашықтан жұмыс форматына көшірілді
- Алматыда балабақшалар жұмыс істей ма
- Мұнай өнімдері жоспар бойынша жеткізіліп жатыр – ҚТЖ
- Барлық әлеуметтік міндеттемелері белгіленген мерзімде орындалады - министрлік
-
Алматы облысында терроризмге қарсы шаралар жалғасуда
-
ШҚО-да тәртіпсіздікке қатысушылар есірткі мен алкоголь қабылдаған - полиция
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам




