+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Павлодар полицейлері төрт тойды тоқтатты

2020 жылғы 22 қазан 11:13
Бөлісіңіз:
Павлодар полицейлері төрт тойды тоқтатты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласында карантин режимін сақтау бойынша бақылау топтарының рейдтік іс-шаралары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

-10 күннің ішінде мониторинг тобы 80-нен астам нысанды қамтып, оның 45-інде заң бұзушылықтарды анықтады. Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Мысалы, өткен демалыс күндері бірден төрт отбасылық мерекелік шара анықталды, - дейді жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.

Малайсары батыр көшесіндегі мейрамханада бірден екі үйлену тойы ұйымдастырылса, Гагарин көшесіндегі дәмханада тағы бір той өткізіліп жатқан.
Барлық фактілер бойынша материалдар жиналып, тәртіп бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Павлодар қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT