Павлодар полицейлері 16 жыл бойы іздеуде болған күдіктіні Ресейден тапты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 2021 жылы павлодарлық жедел қызметкерлер 103 қылмыскердің ізіне түсіп, із-түзсіз жоғалған 88 адамды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа Уренгойда павлодарлық жедел қызметкерлер алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтады.

Ресей Федерациясының азаматы Павлодар қаласында 16 жыл бұрын пәтерді сатуға жалған келісімшарт жасап, кейін оны сатып жіберген деген күдікке ілінді.

Бұл туралы облыстағы журналистерге Павлодар полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, осы жылдар бойы іздеуде жүрген қылмыскер әртүрлі деректер бойынша Ресейдің түрлі қалаларында тұрған, ал жақында 60 жастағы ер адам Ресей Федерациясының Ямало-Ненецк автономиялық округінің жаңа Уренгой қаласында тұрып, жұмыс істеген.

«Полиция қызметкерлері ресейлік жедел іздестіруде жүрген тағы бір Павлодар облысының тұрғынын ұстады. Железин аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 2018 жылы Омбы қаласында қылмыс жасағаны үшін Ресей ІІМ іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады», - деп толықтырды облыстың ПД.

31 жастағы жас жігіт Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 119-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген.

Бір-екі күн бұрын ол Железин ауданындағы ауылдардың біріндегі туыстарына келгенімен, учаскелік полиция инспекторы ұстаған.

«Полиция қызметкерлері қылмыскерлер мен із-түзсіз жоғалған азаматтарды іздестіру жұмыстарын үздіксіз жүргізеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша павлодарлық жедел уәкілдер барлығы 103 қылмыскерді анықтады, із-түзсіз жоғалған 88 азаматтың жүрген жері анықталды», - деп толықтырды баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар