Павлодар облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына басшы тағайындалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Марат Зенов Павлодар облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз ықзметіне сілтеме жасап.

Марат Зенов 1983 жылы Ертіс ауданында дүниеге келген. 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін, 2010 жылы - Инновациялық Еуразия университетін тәмамдаған. Инженер-экономист және жергілікті мемлекеттік басқару магистрі.

2006-2009 жылдары Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінде автомобиль жолдары техникалық бөлімінің бас маманы, 2009-2012 жылдары осы ведомствоның автомобиль жолдары техникалық бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2012-2013 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қаржы және инвестициялық жобалар департаментінің бас сарапшысы болды. 2013 жылы Павлодар облысы бойынша ревизиялық комиссиясында жетекші және бас маман болып жұмыс істеді.
2014-2015 жылдары - Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, 2015-2016 жылдары - өңірлік тексеру комиссиясының шығыстарды бақылау бөлімінің басшысы.
2016-2019 жылдары Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарды. 2019-2020 жылдары Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылдың маусым-қазан айлары аралығында Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарды.

2020 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін облыс орталығының мемлекеттік сатып алу бөлімін басқарды.


Соңғы жаңалықтар