Павлодар облысының Заңғар ауылында тұрғындардың өтініші бойынша «Балапан» шағын орталығы ашылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Әлеуметтік міндеттерді атқару, соның ішінде ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыру - әкімдіктің бірінші кезектегі міндеттері. Бұл туралы Заңғар ауылының тұрғындарымен өткен есептік кездесуде Павлодар ауданының әкімі Нұрлан Әутәліпов атап өтті.

Заңғар ауылының тұрғындары әкіммен өткен бұған дейінгі есептік кездесуде көтерген барлық мәселелер шешімін тапты: елді мекенде орынсыз қоқыс тасталған жерлер алынып тасталып, облыс орталығына қатынайтын автобус жүргізу ұйымдастырылды және т.б.

Аудан әкімінің орынбасары Асқар Бахралиновтің айтуынша, ауылда мектепке дейінгі білім беру мәселесі шешілді. Әкімнің ауыл тұрғындарымен есептік кездесу өткен күні Заңғарда балалардың жайлылығы үшін барлық жағдайлар жасалған «Балапан» шағын орталығы ашылды. Ауылда шағын орталық бұрын да бар болатын, ол жергілікті мектептің ғимаратында орналасқан. Орталық бір кабинеттен және акті залындағы ойнайтын бөлмеден тұратын. Балалар мұнда күніне тек үш сағат болатын, бұл олардың аналарының жұмысқа орналасу мәселесін шеше алмады. Осыған байланысты балалардың ата-аналары шағын орталықтың жұмысын толық күнге ұзарту туралы өтініш білдірді. Аудан басшылығы өтініштерді есепке ала отырып, бұл мәселенің шешімін тапты: шағын орталық үшін бөлек ғимарат сатып алынып, онда жөндеу жұмыстары өткізілді, қажетті жабдықтар сатып алынды. Енді мұнда екі жатын бөлме, ойнайтын бөлме, дәретхана және ыстық су бар. Балалар күніне сегіз сағат тәжірибелі тәрбиешілердің қарауында болады. Олар үшін үш мезгіл тамақтандыру және ұйықтайтын уақыт қарастырылған. «Балапан» орталығының ашылуы ауылда 11 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар