Павлодар облысының ветеринария басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының ветеринария басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайыржан Байжанов 1976 жылы туған. 1998 жылы Семей зооветеринарлық институтын, ал 2020 жылы «Нархоз университеті» КЕАҚ «экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Железин ауданы Уәлиханов ауылдық округінде мал дәрігері лауазымынан бастаған.

2002-2006 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Павлодар аудандық аумақтық басқармасында маман болып жұмыс істеді.

2006 жылдан 2010 жылға дейін-Павлодар қаласы Ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі.

2010 жылдан 2014 жылға дейін Павлодар ауданының ветеринария бөлімін басқарды.

2014-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Павлодар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, кейін Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы қызметтерін атқарған.

2017-2019 жылдары облыстық ветеринария басқармасын басқарды.

2019 жылы мемлекеттік орган таратылғаннан кейін Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары болып, қазіргі тағайындалғанға дейін жұмыс істеді.

Естеріңізге сала кетейік, ветеринария басқармасы 2020 жылдың басында ветеринария туралы Заңға сәйкес қайта құрылды.


Соңғы жаңалықтар