Павлодар облысының үш бағыттағы жол ашылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Облыс орталығына жақын Ленин кентінен Ресей шекарасына дейін, Павлодардан Омбыға қарай және Успенка арқылы өтетін көлік жолдары ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«9 ақпан күні сағат 8.00-ден бастап ауа райының жақсаруына байланысты жолдың үш бөлігіндегі қозғалыс ашылды: Ленин-Ертіс – РФ шекарасы автожолы (0-263 км, Ленин кентінен РФ шекарасына дейін), Павлодар – Успенка-РФ шекарасы (0-152 км, Павлодар қаласынан РФ шекарасына дейін), Омбы – Майқапшағай (191-390 км, Павлодар қаласынан РФ шекарасына дейін)», – деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар