Павлодар облысының туризм және спортты дамыту басқармасына жаңа басшы келді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Дәуір Ерғабулов Павлодар облысының туризм және спортты дамыту жөніндегі басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов тиісті өкімге қол қойған.

Осы жылдың сәуір айынан бері Дәуір Ерғабулов Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып, ведомство басшының міндетін орындаған еді.

Дәуір Қуатұлы 1990 жылы туған. 2012 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Заңгер», 2015 жылы «Экономика» мамандықтары бойынша аяқтаған. 2018 жылы «Нархоз» университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады.

2012-2014 жылдары Павлодар ауданы әкімінің аппаратында еңбек етті.

2016-2017 жылдары Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы «Астана» мұз сарайы мекемесі директорының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылы Жүзу бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спорт ғимаратының басшысы болды.

2019-2021 жылдары Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

Дәуір Ерғабулов - Қазақстан Республикасының муайтай бойынша халықаралық санаттағы спорт шебері, 2011 жылғы муайтай бойынша Әлем чемпионатының қола жүлдегері, муайтайдан Қазақстан Республикасының көп дүркін чемпионы.


Соңғы жаңалықтар