+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Павлодар облысының тұрғыны талды кескені үшін айыппұл төледі

2015 жылғы 4 қаңтар 10:45
Бөлісіңіз:
Павлодар облысының тұрғыны талды кескені үшін айыппұл төледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Талды заңсыз кескен Павлодар облысының тұрғыны 37 мыңнан астам теңге көлемінде айыппұл төледі.

20 қараша күні ол ол ағасымен бірге ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып табылатын Ертіс өзенінің алқабында өскен талдарды аралап кескен.

«Бұл азамат Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 28-бабымен қарастырылған құқық бұзушылықты жасады. Айыпты деп танылған ол 37040 теңге көлеміндегі айыппұл төлеп, заңсыз кесілген ағаштар тәркіленді», - деп хабарлады Ертіс аудандық сотының баспасөз қызметінен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT