Павлодар облысының тұрғыны 19 жыл бойы балаларына алимент төлемеген

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері алимент төлеуден жалтарған 53 адамды анықтады. Оның 16-сы - Ресейде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәртіп сақшылары 19 жыл бойы балаларына алимент төлемеген облыс тұрғынын анықтады. 2011 жылдан бері алименттен жалтарғаны үшін іздеуде болған 35 жастағы бейқам әкенің мекенжайын полиция қызметкерлері Ақсу қаласының аумағына жүргізілген жедел-іздестіру шарасы кезінде анықтады», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адам балаларына 3 618 589 теңге қарыз. Оған қатысты ҚР ҚК «Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция балаларына алимент төлемеген 23 әкенің автокөлігін тіркеді. Сонымен қатар олардың көлігі туралы мәлімет «Автопоток» және «Интегра» автоматтандырылған жүйесіне енгізілді.

«2020 жыл басталғалы полицейлер алимент төлемеген 53 азаматты анықтады. Оның 16-ы Ресей Федерациясында», - деп толықтырды аймақтық ПД.


Соңғы жаңалықтар