Павлодар облысының төрт полицейі «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы ішкі істер органдарының төрт қызметкері ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Олардың жасаған істері бейбіт өмірде ерлікке әрқашан орын бар екенін, ал балалар мен ересектер оларды нағыз ержүрек санайтынын дәлелдейді.

Павлодар қаласы жол-патрульдік полиция батальонының полицейі, полицияның аға сержанты Ернұр Әмірханов мамыр айы күндерінің бірінде сегізінші қабаттағы терезеден құлап бара жатқан қалалық азаматшаның бір қолымен оны ұстап қалғаны туралы хабарламаны естіп қалды. Ойланатын уақыт болмады. Ернұр бір қабат жоғары орналасқан пәтерге кіріп, төсек жаймасымен, еш сақтандырусыз, өмірін қауіпке байлап, төменге түсті де, бойжеткенді пәтерге кіргізді.

Екібастұз қалалық ІІБ көлік патрулі экипажындағы Әбдісабыр Зәкіров пен Қанат Байысовтың ерлігі де көпшілікке танымал болды. Олар ішінде балалар отырған автобуспен бірге жүрді. Қалаға жақындаған кезде қарсы беттен үлкен жылдамдықпен келе жатқан «Honda» көлігі шыға келді. Полицейлер соққыны өздеріне қабылдауға бел буып, патрульдік көлікті шұғыл бұра, бұзушының жолын бөгеді. Олар жарақаттар алды, есесіне бір де бір бала зардап шекпеді.

Кадрларды таңдау және тәрбиелеу бойынша қызметтік міндеттерді үлгілі орындағаны үшін Павлодар облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Назымбек Жүнісов та наградаға ие болды.

Тәртіп сақшыларына жоғары наградаларды салтанатты жағдайда облыс әкімі Қанат Бозымбаев табыстады.

Соңғы жаңалықтар