Павлодар облысының Тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау департаментіне жаңа басшы келді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен аталмыш департаментті Батырбек Әлиев басқаратын болды. Бұған дейін ол ведомство басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жаңа басшыны аппарат жиналысы барысында таныстырды.
Батырбек Әлиев 1974 жылы туған. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша тәмамдады. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқыды.
Еңбек жолын 1997 жылы Екібастұз қаласының санитарлық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер болып бастаған. 2001-2002 жылдары Екібастұз санитарлық-эпидемиологиялық қызметінде тағам гигиенасы жөніндегі санитарлық дәрігер болды. 2002-2004 жылдары Екібастұз қаласының құтқару қызметінде құтқарушы және құтқару бөлімінің командирі болып жұмыс істеді. 2004 жылы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау құрылымына қайта оралып, 2018 жылға дейін Екібастұздың қызмет көрсету бөлімшесінде бас маман, бөлім бастығы және басшының орынбасары қызметтерін атқарды. 2018 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы бастығының орынбасары лауазымында қызмет етті.
- Павлодарлық полицейлер аязда жолда қалған Түркия азаматына көмектесті
- Қызылордада 25 жастағы жігіт түн жарымда телемұнараға шығып алған
- Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
- Жамбыл облысында соңғы екі жылда парақорлықтың 110-нан астам фактісі тіркелді
-
Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
-
Тараз мектебінде жұмыста жоқ медбике мен психологқа айлық төленіп келген
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам