+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Павлодар облысының оқу орындарына 11 мыңнан астам бақылау камералары орнатылды

2019 жылғы 28 қараша 16:15
Бөлісіңіз:
Павлодар облысының оқу орындарына 11 мыңнан астам бақылау камералары орнатылды

ПАВЛОДАР. Қазақпарат – Ертіс маңындағы 356 мектептің бесеуіне ғана бақылау камералары орнатылған жоқ, бірақ бұл мәселе 2019 жылы шешімін табады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Павлодар облысынның оқу ғимараттарына 11439 бақылау камерасы орнатылды», деп хабарлады журналистерге Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өңірдің білім басқармасына сілтеме жасап.

«5324 камера мектептерге, 4754-і балабақшаға, ал 1361-і колледждерге, балалар үйі мен қосымша білім беру нысандарына қойылды», деп атап өтті әкімдікте.

«Биыл Павлодар, Екібастұз, және Ақсу өңіріндегі мектептерге 2900 бақылау камераларын орнатуға бюджеттен 111 миллион теңге бөлу қарастырылған, - деп мәлімдеді аймақтың білім беру басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Әлекпарова.

«Аймақтың бес мектебі бақылау камераларымен қамтылмады. Ол мектептердің барлығы Шарбақты ауданында орналасқан. Олар - шағын кешенді мектептер, оларда 10-ға жуық бала оқиды. Соған қарамастан, 2020 жылы бұл мәселе шешіледі».

Білім беру басқармасында айтып өткендей, камералар оқу ордаларының сыртында және ішінде болып жатқан жағдайлардың барлығын тіркеп отырады. Бақылау камераларының жазбалары 30 күн бойы сақталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT