Павлодар облысының Мәдениет басқармасына жаңа басшы келді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылығына Бахыт Әнисова тағайындалды. Бұл туралы аймақ әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Басқарманың жаңа басшысын облыс әкімі Болат Бақауов таныстырды.

«Сіздің мәдениет және өнер саласындағы үлкен тәжірибеңіз бар. Сондықтан алдағы жұмысыңыздағы басты міндет мәдениет саласындағы мемлекет саясатын жүзеге асырып, облыстың мәдени әлеуетін арттыру болып табылады. Өңірдегі барлық тарих және мәдениет ескерткіштерінің инвентаризациясын жүргізіп, оларды балансқа қою қажет. Сондай-ақ, мәдениет саласындағы халықаралық әріптестікті дамыту да аса маңызды. Шет мемлекеттердегі отандастарымызбен мәдени байланысты кеңейту міндеті де тұр», - деді ол.

Бахыт Әнисова 1978 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі және «Режиссура» мамандығы бойынша өнертану ғылымдары магистрінің дәрежесі бар. Жалпы еңбек өтілі 18 жылдан астам. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін «АРТ Студио Астана» ЖШС-ның атқарушы директоры болып қызмет етті.

Соңғы жаңалықтар