Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Павлодар облысының қолөнершілері халықаралық сайттың базасына енгізіледі

2022 жылғы 23 маусым 23:46

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бұл ұлытаулық шебер реставратор Сәрсенбай Қотырашовтың жаяу сапарының нәтижесінде мүмкін болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәрсенбай Қотырашов бүгін Павлодарға келді. 72 жастағы шебер еліміздің 17 өңірін жаяу аралап шығуды мақсат еткен. Павлодар облысы ол табан тіреген тоғызыншы өңір.

«Бұл идеяны мен бұрыннан ойлап жүрдім. Бұл сапарда менің үш мақсатым бар. Біріншіден, туған жерім Ұлытаудың мәдени-тарихи мұрасын кеңінен насихаттасам, екіншіден, қымыздың пайдалы қасиеттеріне жұртшылық назарын аударғым келеді. Оның үстіне ЮНЕСКО-мен келісімім бар. Қазақстанды аралап жүріп, мыңнан астам қолөнершілер туралы мәлімет жинасам, олар жеке сайтқа еніп, осылайша дүние жүзіне танымал болады», – дейді Сәрсенбай Қотырашов.

Ұлытаулық ақсақал бұл сапарын сәуір айында бастаған. Осы уақыт ішінде ол бес жұп аяқ киім тоздырып үлгерген. Бірақ ол жаяу жүргіншілер жолы оған қымбатқа түспегеніне риза. Қай өңірге келсе де құшақ жая қарсы алып, тамақтандырып, тегін қонатын орын ұсынады.

Сәрсенбай Қотырашовты сапарында жерлесі, депутат Бақтияр Қожахметов алып жүреді.

«Сапарын аяқтаған соң Сәрсенбай Президенттің қабылдауына кіріп, қымыздың емдік қасиетін дәлелдеп, сонымен қатар қымыз күнін ресми мереке ретінде белгілеуді ұсынбақ», – деді Бақтияр Қожахметов.

Айта кетейік, Сәрсенбай Қотырашов сапарының қорытындысы бойынша кітап шығаруды жоспарлап отыр.

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары