Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарының атаулары өзгерді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының Жарлығымен Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарының атаулары өзгерді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. ҚазАқпарат Жарлықтың толық мәтінін жариялайды.

 ***

Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Павлодар облысының кейбір аудандары:

1) Качир ауданы - Тереңкөл ауданы;

2) Лебяжі ауданы Аққулы ауданы болып қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 


Қазақстан Республикасының

                Президентi                                                                          Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы  4 тамыз                    

             № 724    

Соңғы жаңалықтар