+7 (701) 759 90 19
USD 405.66 EUR 454.70
RUB 5.71 CNY 57.43
Jańalyqtar

Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовқа қатысты сот үкімі шықты

2020 жылғы 27 мамыр 12:58
Бөлісіңіз:
Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовқа қатысты сот үкімі шықты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов үш жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодар қалалық №2 сотының судьясы Нұрлан Қайырбеков Б. Бақауовты үш жыл, алты ай бас бостандығын шектеу және өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Болат Бақауовтың қылмыстық жолмен немесе қылмыстық жолмен иемденген қаражатқа сатып алған мүлкінің жоқтығына байланысты оған мүлкін тәркілеу қосымша жазасы тағайындалған жоқ.

ҚР Жоғарғы сотының 7.07.2016 жылғы №4 Нормативтік қаулысының 14-тармағына сәйкес, процессуалдық келісімге келу үшін күдіктінің кінәсін мойындауы міндет емес. Оның күдік пен іске қатысты айғақтарды жоққа шығармағаны жеткілікті. «Үй қамағы» бұлтартпау шарасы алынып тасталды. Оған дейін Болат Бақауовқа ҚР ҚК 362-бабы, 4-бөлімінің, 3-тармағына сәйкес айып тағылған еді (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануды, лауазымды адам бола тұра, өзінің құқықтары мен өкілеттіктерінің шегінен анық шығатын және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруді, басқа адамдарға пайда мен артықшылықтар алу және ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалған іс-әрекеттер).

Оған байланысты мүлікті тәркілеумен бірге бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру санкциялары көзделген болатын.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 16 қаңтарында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болған еді.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 362-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Осы кезеңде тергеу мүддесіне орай толық деректер жариялануға жатпайды», - делінген ҰҚК ақпаратында.

Болат Бақауов 18 ақпаннан бері үйқамақта отыр.

Сәуірде оны үйқамақта ұстау мерзімі мамыр айына дейін созылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT