Павлодар облысының дүкендерінен тұтынуға жарамсыз азық-түлік табылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Эпидемиологтар Павлодар облысындағы қала және ауылдық жерлердегі дүкендерден пайдалану мерзімі өтіп кеткен кептірілген нан, какао ұнтақтары, балшырын және аджика сияқты азық-түлік өнімдерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кептірілген нанның сақталу мерзімі 60 тәуліктен аспайды, алайда сатушылар өнім өндірушлердің бұл талаптарын ұдайы назардан тыс қалдырады. Қаланың көтерме және бөлшек саудамен айналысатын «СП маркет» дүкенінде Ресейдің Краснодар өлкесінен шығарылатын «Киевлянка» атауымен белгілі кептірілген нандарының кейбірінің сақталу мерзімі 2 айдан асып кеткен»,-деп хабарлады бүгін «ҚазАқпарат» тілшісіне Павлодар облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері.

Мұндай жағдайлар кездесіп тұрады, дейді ведомство өкілдері. Мысалы Железинск ауданындағы «Гүлбану» дүкенінде Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері тұтыну мерзімі өтіп кеткен 3 түрлі азық-түлік өнімін анықтады. Олар: «Рахат» какао ұнтағы, «Будь здоров» балшырыны және «Южная» аджикасы.

Аққулы ауылындағы «Айдана» дүкенінде «Барни қонжықтары» дүкен сөресінде пайдалану мерзімі өткен соң 1 айдан астам уақыт тұрған»,-деп мәлімдеді эпидемиологтар.

Департаменттің мәліметтері бойынша, халық тұтынатын азық-түлік өнімдерінің мониторингі тұрақты жүргізіліп тұрады.


Антон Гагарин

Соңғы жаңалықтар