Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов үйқамақта отыратын болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов үйқамақта отыратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Павлодар қалалық мамандандырылған тергеу сотының 2020 жылдың 18 ақпанындағы үкімімен ҚР ҰҚК Тергеу-жедел тобының басшысы – ТД бас тергеушісінің ҚР Бас прокуратурасының Қылмыстық қудалау қызметінің бастығымен келісілген қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын үй қамауына өзгерту туралы өтініші қанағаттандырылды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, ҚР ҰҚК-де Павлодар облысының әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Болат Бақауов екі айға қамауға алынған еді.


Соңғы жаңалықтар