Павлодар облысының билігі шомылуға арналған орындарды анықтауда

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 2018 жылдың басынан Павлодар облысындағы суға шомылу маусымының ашылуына дейін құтқарушылар сегіз адамның өмірін құтқарып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті атқарушы органдардың сәйкес қызметтері ашық су қоймаларындағы орындарды белгілейді. Кейін сүңгуірлер су қоймаларының табанын тексеріп, адамдардың жапа шегуінің алдын алу үшін жарақаттайтын заттардан тазартады», - деп мәлім етті Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінен.

ТЖД жедел-құтқару отрядының бас құтқарушысы Ерқанат Аққузиновтың айтуынша, өлімге әкеліп соғатын жағдайлардың барлығы шомылуға арналмаған, қауіпті жерлерде орын алған. Статистиканың мәліметі бойынша, қаза тапқандардың 70 % - демалыс кезінде мас күйінде суға түскен адамдар. Ал балалардың өлімі көбінесе ата-ананың дұрыс бақылап, қарамағанынан болады.

«2018 жылдың басынан облыстың су қоймаларында сегіз адам құтқарылған, атап айтқанда, Павлодар мен Ақсу қалаларында 2 адамнан, Екібастұз, ҚАЭС-2-де 4 адам өлім аузынан қалған», - деді Төтенше жағдайлар департаментінен. 



Фото: tv-mig.ru

Соңғы жаңалықтар