Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулыны бекітті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Батырбек Әлиев жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта Павлодар облыс « қызыл « аймақта болуына байланысты іске асырылатын қадамдар қамтылған.

Ashyq жобасына қатысуына қарамастан тыйым салу мына нысандарда ескерілген:

- діни бірлестіктер нысандарында (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар) ұжымдық іс-шаралар өткізуге;

- концерт залдарының, театрлардың, цирктердің, филармониялардың қызметіне;

- конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге;

- түнгі клубтардың жұмысына.

Құжатта кинотеатрлардың толымдығын 30 пайыздан асырмай қамтамасыз ету ескерілген.

Сонымен қатар құжатта мектеп оқушыларын, студенттерді оқыту режиміне қатысты түсінік берілген.

Қаулының толық нұсқасын Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтынан қарап шығуға болады.


Соңғы жаңалықтар