Павлодар облысының Бас дәрігері қызметінен босатылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Біржан Досмаилов өз қалауымен Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы өңір әкімдігінің Telegram-каналында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Басқарма басшысының міндетін атқару басшы орынбасары Айдар Ситқазиновқа жүктелді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Б.Досмаилов Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасына басшылық қызметке биылғы 5 наурызда тағайындалған болатын. Оған дейін, яғни 2017 жылдан бастап, 2020 жылдың 4 наурызына дейін Нұр-Сұлтан қаласының №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасының директоры қызметін атқарды.




Соңғы жаңалықтар