Павлодар облысының ауруханаларында тарифтер теңестірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы облыстың барлық медициналық мекемелерінің бағалары және қызмет тарифтерінің өсу себептері көрсетілген ортақ баға прейскурантын әзірледі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінен мәлім етті.

Еске сала кетейік, аталмыш ведомство  «жасырын сатып алушы» әдісімен қоғамдық бақылау және азаматтар арасында сауалнама жүргізу барысында  облыс орталығында денсаулық сақтау ұйымдарының қызметтерінде бірқатар бұзушылықтар анықтаған болатын. Бұдан кейін департамент тарифтерді теңестіру жөнінде ұсыныс жасаған. -  Мысалы, облыстық ауруханада кардиолог кеңесінің бағасы 2000 теңгені құрайды, - деді ведомствода. - Бұл облыстық кардиологиялық орталықтың бағасынан (1500 теңге) 500 теңгеге немесе 25%-ға жоғары.  Осыған ұқсас жағдай облыстық ауруханадағы офтальмолог, терапевт, акушер-гинеколог және  консультативтік қабылдау қызметтерінде орын алған. Сондай-ақ  өңір ауруханаларының 20 маманы бағаны көтергені  анықталды.

Осы жағдайлардан кейін департаменттің ұсынысы бойынша әзірленген прейскурантта аймақтағы барлық медициналық ұйымдардағы баға мен тарифтің өсу себебі көрсетілген.  Енді облыстың барлық емдеу мекемелерінде кардиологтың кеңес беруі 1800 теңге  тұрады.

Емханалардың жұмысшылары мемлекеттік қызмет көрсету барысында мемлекеттік стандарт талаптарын бұзған. Мәселен, медициналық ұйымдарға тіркелу қызметін көрсетуден бас тартқан ІІ топтағы мүгедектің құқықтары бұзылған. № 5 емханасында уролог-дәрігер дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 14.30 - 16.00-де науқастарды «жанды кезекте» қабылдап, дәрігердің қабылдауына жазылу жүргізілмеген.

Алайда мемлекеттік стандартқа сәйкес, дәрігердің қабылдауына веб-портал, телефон және тікелей өтініш арқылы жазылуға болады. Осыған байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында халықтың әлеуметтік әлсіз  топтары үшін жағдайлар жасалған. Оның ішінде ҰОС ардагерлері мен I және II топтағы мүгедектерге жеңілдетілген қызметтер бойынша ақпараттық кестелер жарияланды. Сондай-ақ ІІ топтағы мүгедектің құқықтары қорғалды.

Соңғы жаңалықтар