Павлодар облысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне мерейтойлық медальдар табысталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін ауылдық округтерде тұратын соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы» мерейтойлық медальдар салтанатты түрде табысталды, деп хабарлады Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Асқар Бахралинов.

Ұлы Отан соғысының екі ардагері, концлагерьлерде тұтқында болған үш адам және тылдағы 142 еңбеккер мектептерде өткен салтанаттардың құрметті қонақтары болды.

Ақсақалдарды тік тұрып қарсы алғандардың арасында «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар ұйымдарының мүшелері, оқу үздіктері, облыстық және халықаралық зияткерлік байқаулар, марафондар мен спорттық жарыстардың жүлдегерлері болды.

Мичурин және Чернорецкая мектептерінде ардагерлерге ел Президенті Н.Назарбаевтың атынан мерейтойлық медальдарды аудан әкімі Нұрлан Әутәліпов табыстады.

Ардагерлер елдің бейбіт болашағы жас патриоттардың сенімді қолында екеніне сенімдерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар