Павлодар облысының Аққулы ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Аққулы ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Облыс әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Абзал Әбілхақұлы Балғабаев аудан әкімі болып тағайындалды. Аудандық мәслихаттың депутаттары кандидатураны бірауыздан қолдады. Облыс әкімі Болат Бақауов жаңа әкімге бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Әлеуметтік мәселелерді шешуге көңіл бөлу керек. Ең бастысы, 2019 жылға бюджетті қалыптастыру маңызды. Бірінші кезекте қаржыны дұрыс бағытта жұмсау үшін қолдағы жобалық-сметалық құжаттамаға мониторинг, аудан бойынша сараптама жүргізу қажет. 2019 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржы 2019 жылы басым бағыттарға жұмсалады.

«Аққулы ауданы ауыл шаруашылығы, көкөніс өсіру, туризм саласы үшін қызықты, - деді облыс әкімі. - Қазіргі таңда Павлодар - Семей, Астана - Павлодар бағытындағы жолдар керемет. Ыңғайлы туризм ұйымдастыру үшін 2018 жылы электр тарату желісі жүргізілді. Өңірде туризм саласын дамыту бойынша жоспар, туристік кластер құруда белсенді жұмыс істеуді және жол бойындағы сервисті дамытуды тапсырамын. Стратегиялық маңызы бар міндеттермен қатар, жылу маусымы, коммуналдық, бюджет қаржысын тиімді игеру, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік сұрақтарын жеке бақылауға алу керек».

44 жастағы Абзал Балғабаевтың екі жоғары білімі бар. 1998 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Дене тәрбиесі» және 2000 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 1995 жылы еңбек жолын Павлодар облысы бойынша мемлекеттік жекешелендіру комитетінің маманы болып бастаған. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымда болған. 2004-2012 жылдары Павлодар облысы Әділет департаменті құрылымдық бөлімшелерінде еңбек етті. 2012-2014 жылдары Павлодар облысының бас инспекторы қызметін атқарған. 2014 жылдың қазан айынан бүгінгі күнге дейін Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары болған.

Соңғы жаңалықтар