Павлодар облысының әкімі оңтүстіктен қоныс аударатындарға жер бөлуге уәде етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов оңтүстік өңірлердің тұрғындарына жер учаскелерін бөлуге әзір екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оңтүстіктен солтүстік өңірлерге қоныс аудару тақырыбына тоқталсақ, биыл 377 отбасы көшіп келді (1665 адам). Егер іскер адам болса, онда ол жергілікті жағдайға тез бейімделеді. Мәселен, оңтүстікте жер телімін алу қиындау. Ал біздің облысқа келетіндерге жер учаскесін беруге дайынбыз», - деді облыс әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол бүгінде Павлодар облысында ауыл шаруашылығын дамыту бойынша бағдарламалар аз емес екенін еске салды.

«Көшіп келгендер түрлі салада жұмыс істейді. Біреулер зауытқа орналасса, қалғандары ауыл шаруашылығы саласын таңдайды. Біз ауылдық жерлердегі арзан тұрғын үйлерді табуға, сатып алуға көмектесуге әзірміз. Атап айтқанда, әрбір отбасыға 7 тоннадан көмір бөлдік. Павлодар облысына келуге ниетті адамдарды ынталандыру шараларын жалғастырамыз», - деді Болат Бақауов.

Соңғы жаңалықтар