Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов Риоға баратын спортшылармен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) өтетін 2016 жылғы XXXI жазғы Олимпиада ойындарына қатысушылармен кездесу өткізді.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Олимпиадалық ойындарға қатысуға арналған лицензияларды жеңіп алу -үлкен жетістік, соңғы төрт жылдағы ауыр да мақсатты жұмыстың жемісі. Сіздердің дайындықтарыңыздың бір кезеңі 2014 жылғы он жетінші жазғы Азия ойындары болды. Онда өте жақсы өнер көрсетіп, түрлі медальдарға ие болдыңыздар. Сіздердің аса ірі және ең беделді әлемдік спорт форумына қатысуларыңыз облысымыздың әр тұрғыны үшін мақтаныш болып табылады», - деді облыс әкімі.

Биыл Павлодар облысының төрт спортшысы 2016 жылғы XXXI жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия жеңіп алды. Олар: Дәулет Шабанбай - еркін күрестен 125 келі салмақ санатында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері; Мамед Ибрагимов - еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақ санатында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері; Ольга Сафронова - 100 және 200 метр қашықтыққа жүгіруден жеңіл атлетика бойынша Халықаралық дәрежедегі спорт шебері; Роман Валиев - үш қарғып секіруден жеңіл атлетика бойынша Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ольга Сафронова өз кезегінде қолдау көрсеткендері үшін бәріне рахметін айтып, Олимпиадада жеңіске жету үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

«Сізді Халықаралық аренада жеткен жоғары жетістігіңізбен қуана құттықтаймын. Сізге зор денсаулық және жаңа спорттық жетіктіктер тілеймін. Алдағы Олимпиада ойындарында армандарыңыздың орындалуына тілектеспін», - деді кездесу соңында Болат Бақауов.

Олимпиада ойындары 2016 жылғы 5-21 тамыз аралығында Рио-де-Жанейро қаласында өтеді. Естеріңізге сала кетейік, кеше Павлодар облысы Олимпиада ойындарында әлі бірде-бір медаль алмағанын жариялаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар