Павлодар облысының әкімдігі Түркиядан ұшып келген елордалықтарға автобус бөлді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Түркиядан Павлодар облысына арнайы әуе рейсімен жеткізілген елорда тұрғындары үшін Нұр-Сұлтанға дейін автобус ұйымдастырылды. Бұл туралы облыс әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«4 сәуір күні Түркиядан эвакуациялық рейс арқылы Павлодарға жеткізілген Нұр-Сұлтан қаласының 34 тұрғыны арнайы ұйымдастырылған автобуспен елордаға жөнелтілді. Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдіктері тиісті келісімге келді: арнайы жасақталған автобус елорда тұрғындарын карантиндік госпитальдан Нұр-Сұлтандағы блокпостқа дейін жеткізеді. Сол жерден оларды елорда әкімдігі жіберген арнайы көлік күтіп алады. Барлық процедуралар дезинфекциялық-эпидемияға қарсы шаралар режимін қатаң сақтай отырып жүргізіледі», - деді әкімдіктен.

Мәлім етілгендей, Түркиядан келгендер арасында Павлодар облысының тұрғындары да бар. Олар Павлодар қаласында карантиндік госпитальде қалып, 14 күнге созылатын медициналық бақылауда болады.

Рейсте болған барлық 102 жолаушыдан коронавирус инфекциясына тест алынып, олар теріс нәтиже көрсеткен.


Соңғы жаңалықтар