Павлодар облысының 10%-дан астам тұрғыны 3 тілді меңгерген

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда облыстағы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар саны 78%-ды құрайды. Бұл туралы облыстық Тілдерді дамыту басқарма басшысының орынбасары Гүлсара Кокина «Нұр Отан» партиясының облыстық бөлімшесіне қарасты «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі партияның облыстық бөлімшесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» IV бағытын жүзеге асырудың қорытындысы жан-жақты талқыланды.

Г. Кокинаның айтуынша, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген тұрғындар саны 14%-ды құрайды. Облыста 21 тіл орталығы, оның ішінде 13-і мемлекеттік тілді, 19-ы - ағылшын, қалған 7-еуі басқа тілдерді үйретеді.

«2017 жылы үш тілді бірдей меңгергендер санын 17%-ға жеткізу жоспарлануда», - деп мәлімдеді Г. Кокина.

Соңғы жаңалықтар