+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Павлодар облысындағы жол-көлік оқиғасы: екі адам ажал құшып, жетеуі ауруханада жатыр

2019 жылғы 3 желтоқсан 13:27
Бөлісіңіз:
Павлодар облысындағы жол-көлік оқиғасы: екі адам ажал құшып, жетеуі ауруханада жатыр

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар мен Ақтоғай арасындағы тасжолда ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да полиция қызметкері қағып кеткен ер адам көз жұмды Жол апатында адам өлімін қалай азайтуға болады – Оңтүстік Корея тәжірибесі Атырауда жеңіл көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі ажал құшты

«Ақтоғай ауылынан 18 шақырым қашықтықта болған жол апатында екі адам қаза тауып, жетеуі Ақтоғай орталық аудандық ауруханасына шұғыл жеткізілді», - деп хабарлады журналистерге Павлодар облыстық жедел медициналық көмек стансасының баспасөз қызметі.

103 желісіне жол-көлік оқиғасы туралы хабар түскеннен кейін, оқиға орнына төрт жедел жәрдем бригадасы жеткізілді, деп атап өтті стансадан.

«Жеті адам түрлі жарақатпен Ақтоғай орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Облыстық жедел жәрдем стансасының базасында жедел әрекет ету штабы құрылды», - деді мекемедегілер.

Дәрігерлер жедел өтінішті рәсімдеместен, санитарлық авиация мобильді бригадасын құру туралы шешім қабылдады.

«Бригада орталық аудандық ауруханаға аз уақыттың ішінде келді. Науқастардың жағдайы тұрақтанғаннан кейін, ересектер мен балаларды әрі қарай облыстық деңгейде емдеу үшін Павлодарға жеткізуге бел будық», - деді санавиация меңгерушісі Алмагүл Бесембинова.

Екі ересек науқасты №1 қалалық ауруханасының травматология бөліміне жатқызды. Облыстық балалар ауруханасына төрт бала жеткізілді, деп атап өтті станциядан.

Автор: Антон Гагарин

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT