Павлодар облысындағы жалпы өңірлік өнімнің көлемі 3 пайызға өсті - Қ.Бозымбаев

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев тұрғындар алдында есептік кездесуін өткізді. Ол аймақтың өткен жыл бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы талдау баяндамасын ұсынып, алдағы уақытқа белгіленген негізгі жоспарлар туралы айтып берді.

«Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басты көрсеткіші - 2014 жылы жалпы аймақтық өнімнің көлемі, алдын ала бағалау бойынша, 3 пайызға өскен. Біз республикалық бюджеттің көрсеткішінен 5,5 пайызға көп болып, елде 6-шы орын алдық. ЖІӨ - аймақ дамуының негізгі интегралды көрсеткіштерінің бірі. Оның өсімін өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты экономиканың базалық салаларын дамыту арқылы қамтамасыз етудеміз. Бұл ретте өнеркәсіпке басты рөл алады - ЖІӨ-дегі 38,1 пайыз. Облыста бір мыңнан астам кәсіпорында экономикалық белсенді халықтың 35 пайызы еңбек етуде (72 мың адам)», - деп хабарлады аймақ басшысы.

Облыс республиканың 2014 жылғы рейтингісінде үшінші орында, ал инвестициялардың көлемі бойынша - екінші орында тұр.

Небәрі бес жылдың ішінде Индустрияландыру картасының аясында 68 жоба іске қосылып, 5 600-дан астам жұмыс орны ашылды. 2014 жылы 15 жоба іске қосылып, 1 245 адам жұмысқа орналастырылды.

«ҮИИД-дың екінші бесжылдығының аймақ экономикасы үшін мәні зор. Оның аясында біз жалпы инвестициялар көлемі 1,2 трлн. теңгені құрайтын және 6 мыңға жуық жұмыс орнын құрумен 24 жобаны іске асырудамыз. Олардың ішінде ең ірісі - қуаттылығы жылына 140 мың тонна жезді концентраты бар Бозшакөл кен-байыту комбинатының құрылысы. Жыл сайын 30 млн. тонна мыс рудасын қайта өңдеу жоспарланып отыр.

Павлодардағы мұнай-химия зауытында өнідірісті жаңғырту жобасы бізге күшті индустриялық серпіліс береді. Ол 3 жылдан кейін Еуро-4 стандартындағы бензин мен Еуро-5 стандартындағы дизельдік отынды шығаруға мүмкіндік береді. Бұл жоғары технологиялық өзгеріс болып табылады.

Бұдан басқа, зауыттың жаңғыртылуы мұнай өнімдерінен полипропилен, эфир және қосылған құны бар басқа тауарларды одан әрі қайта өңдеуге мүмкіндік береді».

Таяудағы болашақ жоспарлары туралы айта келіп, Қанат Бозымбаев аймақта құрылған «Павлодар облысының 2030 жылға дейін бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы» туралы баяндап берді. Ондағы дамудың басымдық бағыттары - металлургия, теміржол машина құрылысы және агроазықтық кластерлер. «Биыл инвестицияларды тарту бойынша аймақтық агенттікті, старт-ап академиясын құрамыз, «Павлодар» ӘКК даму корпорациясына айналдырылады, сондай-ақ аймақтық техникалық парк, кардиологиялық кластер және экологиялық құзырет орталығы құрылады», - деп атап өтті әкім.

Павлодарлықтар ШОБ, медицина, білім берудің дамуы, сондай-ақ экология мәселелері бойынша толық ақпарат алды.

Облыс әкімінің есебін оның барлық тұрғындары тыңдауға мүмкіндік алды - кездесу өткізілген Естай атындағы мәдениет сарайынан теледидар және облыстық радио арқылы тікелей көрсетілім жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар