Павлодар облысындағы зауыттан биыл 500 жүк вагоны шығарылады - облыс әкімі

None
None
АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Павлодар облысындағы зауыттан биыл 500 жүк вагоны шығарылады.

Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңесте Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстағы жүк вагондарын шығару бойынша жұмыстар аяқталып келе жатқанын жеткізген әкім, «биылғы жылы біз алғашқы 500 вагонды шығарамыз»,-деді. Айта кетейік, Екібастұздағы бұл зауыт жылына 2500 вагон шығаруға қауқарлы.

«Біз тағы бір жобаға кірістік. Бұл вагондарға арналған жұпты дөңгелектердің өндірісі. Оның қуаттылығы жылына 50 мың жұпты дөңгелек шағаруға негізделмек. Жыл соңында Павлодар машина құрылысы зауытында бұл жобаны бастауды жоспарлап отырмыз»,-деді Б. Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар