Павлодар облысындағы зауытта оқыс жағдай болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысындағы зауытта жұмысшының аяғын ауыр қақпақ басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«05:30-да акционерлік қоғамға тиесілі цехтардың бірінде шатырды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда, 1995 жылы туған бригадирдің аяғын су кететін кәріздің қақпағы басып қалды», - деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаменті.

Полицейлердің айтуынша, оқыс оқиға Ақсу ферроқорытпа зауытында болған.

«Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді», - дейді полицейлер.

Соңғы жаңалықтар