Павлодар облысындағы Успен ауданында коворкинг-орталық ашылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Успен аудандық кітапханасында коворкинг-орталық ашылды. Бұл орталықтың ашылуы «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары» аясында жүзеге асты.

Салтанатты шараға «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко, партияның Успенка аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Бауыржан Қасенов, «YBYRAI» Жас бағдарламашылар лигасы» қоғамдық қорының директоры Әзиза Шөжеева және өзге де азаматтар қатысты.  Өз сөзінде И. Теренченко ашылған коворкинг-орталықтың ерекшеліктерін атап өтті.

«Орталықтың басты ерекшелігі - жылдам интернет, адамдардың жайлы, емін-еркін сұхбаттасуына жасалған жағдай. Әлем бір орында тұрмайды. Сондықтан біздер де әлемдегі жаңалықтардан кеш қалмауымыз қажет», - дейді ол. Ашылу салтанатына қатысқан 93 жасар тыл еңбеккері Ольга Кожемякина қазіргі мүмкіндіктерге қайран қалды  - Өзіміз кезінде Морзе әліппесін үйренген едік. Енді міне жаңа технологиялар заманы бізге де келіп жетті. Бұл жерде маған бәрі ұнайды. Жастар мен ересектер бірдей келіп, жұмыс істеп, жаңалықтармен бөлісе алады, - дейді ардагер. Успен жалпы білім беру мектебінің оқушысы Иманғали Әмірбек туған ауылында коворкинг-орталықтың ашылуын қуанышпен қарсы алды. Оның сөзінше мұндағы компьютерлер, планшеттер мен өзге де құрылғылар қазіргі талаптарға сай. Бұл жерге тұрақты түрде келіп тұрамыз дейді жастар. Коворкинг-орталықтың мүмкіндіктерімен аудандық партия ұйымының өкілі Саят Елғондинов таныстырып өтті және аталған жобаны жүзеге асырудағы қолдауы үшін партия облыстық филиалы мен аудан басшылығына алғыс айтты. Өз кезегінде, «Жас Отан» ЖҚ Павлодар облыстық филиалының төрайымы Санира Жүсіпова жергілікті жасотандықтардың белсенділік танытып, жобаның өмірге келуіне қолқабыс жасағандарына ризашылығын білдірді.  

Соңғы жаңалықтар