Павлодар облысындағы мекемелер жаңа үлгідегі Елтаңба орната бастады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының жаңа Елтаңбасы бірінші болып облыстық әкімдік ғимаратына орнатылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ішкі саясат басқармасы ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы Айгүл Алинаның айтуынша, өңірлік әкімдіктен бөлек ішкі саясат басқармасы да ескі үлгідегі Елтаңбаны «QAZAQSTAN» жазуы бар мемлекеттік рәмізге ауыстырған.

«2018 жылдың 20 қыркүйегінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығына сәйкес, жаңа Елтаңбалар 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық жерлерде ауыстырылуы тиіс. Қазіргі кезде облысымыздағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар кезең-кезеңімен ауыстыра бастады»,- дейді Айгүл Алина.

Өңірде осы іспен айналысуға лицензиясы бар үш ұйым айналысады.

Жаңа үлгідегі Елтаңбаларды жасауға рұқсаты бар ұйымдардың бірі - «Макет-мастер Қазақстан» ЖШС. Нарықта 10 жылдай жұмыс істеп келе жатқан фирма директоры Аслан Жүсіповтың сөзіне қарағанда, Қазақстанда ауыстырылуы тиіс 50000 Елтаңба бар.

Біз Павлодар облысымен шектелмейміз, жаңа үлгідегі Елтаңбаларды Алматы, Шымкент, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарынан да келіп алады», - дейді Аслан Жүсіпов. - Одан бөлек, Елтаңба суреті бар маңдайшаларды да өзгерту керек қой. Біз сондай маңдайшаларды да шығарамыз. Оған қоса, біз жалпы мемлекеттік рәміздерді шығаруға рұқсаты бар ұйымдардың біріміз. Павлодарлық болғаннан соң, өңіріміздегі мекемелердің барлығы тезірек талапқа сай қалыпқа келсе деп ойлаймыз. Айта кетейік, елімізде «QAZAQSTAN» жазуы бар Елтаңба 2018 жылы 7 қарашада бірінші болып Ақордаға ілінді.

Соңғы жаңалықтар