Павлодар облысындағы қазақ-орыс шекарасынан бір тәулікте 675 адам өткен
2021 жылғы 20 желтоқсан 19:29

Павлодар облысындағы қазақ-орыс шекарасынан бір тәулікте 675 адам өткен

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Өңірге 433 жаяу жүргінші мен 242 жүк көлігінің жүргізушісі кірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен тәулікте шекара арқылы 375 адам өткен, соның ішінде 433 жаяу жүргінші мен 242 жүк көлігінің жүргізушісі», - деді журналистерге Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.

Өңірден өткен адамдардан коронавирус инфекциясы табылмады, деді СЭБД-ден.

«Теріс ПТР тест нәтижесін көрсетпеген Өзбекстан азаматы елге кіргізілмеді», - деп атап өтті ведомстводан.

4 автомобиль өткізу пунктінде: Ұрлытөбе, Қосақ, Амангелді және Шарбақтыда мемлекеттік шекараға мониторинг жалғасып жатыр.

Санэпидқызмет мамандары тәулік бойы бекеттерде кезекшілік етуде.

Шекараны кесіп өтпек болған қазақстандықтарға ғана емес, шетелдіктерге де телефонмен кеңес беріп жатыр.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT