Павлодар облысындағы кәсіпорындардың 28,9 % әйелдер басқарады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы кәсіпорындардың 28,9 пайызын әйелдер басқарады. Сондай-ақ өңірдегі 38211 жеке кәсіпкердің 50,2 пайызы – әйелдер, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Павлодар облысында 2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша статистикалық бизнес тіркелім (СБТ) қорында 16172 кәсіпорын тіркелген. Оның 28,9 пайызына әйелдер басшылық етеді. СБТ қорына 38211 жеке кәсіпкер енгізілген, олардың 50,2 пайызы әйелдер», - деді облыстық Статистика департаментінен.

Аумақтық бөліктерде әйелдер басқаратын кәсіпкерлік санының Павлодар қаласына – 57,7%, Екібастұз қаласына – 19,3%, Ақсу қаласына – 7%, ал аудандарға 16% тиесілі. Департаменттің хабарлауынша, жеке кәсіпкер әйелдердің едәуір саны көтерме және бөлшек сауда саласында тіркелген – 53,5%. Қорда 3462 қожалық немесе фермер шаруашылықтары есепте бар, оның ішінде 17,2% әйелдер басқарады. Олар ауыл шаруашылығының саласында жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар