Павлодар облысындағы кәсіпорындар өнімдерінің экспорт көлемі 100 млрд. теңгеден асқан

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 2015 жылы Индустрияландыру картасының бірінші бесжылдығына енгізілген кәсіпорындар 180 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Бұл мәліметті есептік кездесуде Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев келтірді.

«Бұл 2014 жылдың деңгейінен 1,3 есе көп. Өнім экспортының көлемі 100 млрд. теңгеден асқан. Жалпы алғанда аталған жобалар өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің бестен бір бөлігін (20,3 пайыз), өңдеу өнеркәсібінде - төрттен бір (27 пайыз) бөлігін құраған», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Басталған екінші бесжылдық аясында облыста инвестицияларының жалпы көлемі 443,2 млрд. теңгені құраған жаңа нысандар енгізілген. 2015 жылдың қорытындылары бойынша жаңа кәсіпорындар шамамен 40 млрд. теңгені құрайтын өнімді сыртқа шығарды.

800 млрд. теңгеден астам ақша салынған 20-дан астам жоба іске асырылуда.

Биылғы жылы 25 млрд. теңгеге 11 жобаны енгізу жоспарланып отыр. Олардың арасында теміржол белдіктері мен дөңгелек жұптарын шығару, энергетикалық машина жасау өндірісі, агрохимиялық өнімдерді шығару, екі ірі өнеркәсіп жылыжайы бар.

Бұдан басқа, Қ.Бозымбаев біздің кәсіпорындарымыз қытайлық инвесторлармен бірлесіп болашағы зор үш жобаны іске асыру мәселесін қарастырып отырғанын атап өтті.

Бұл электролиздік өндірісті кеңейту, Ақсу ЖЭС-да екі энергоблокты қалпына келтіру және «Павлодар» АЭА-ның аумағында химия-металлургиялық кешенді құру. Бұл жобалар бойынша инвестициялардың жалпы сомасы шамамен үш млрд-тан астам АҚШ долларын құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар