Павлодар облысындағы Қарасу өзенінде балық қырылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Балық шаруашылығы комитеті Қарасу өзенінде балықтардың қырылуына қатысты мәліметті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«14 сәуірде «Зайсан-Ертіс» облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясынан Павлодар облысы Потанино кентінің маңында Ертіс өзенінен бөлініп шыққан Қарасу су айдынында балықтың қырылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Сол күні инспекция қызметкерлері Павлодар облысы бойынша экология департаментімен, Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен және «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС Алтай филиалымен бірлесіп осы су айдынына тексеру жүргізді», делінген хабарламада.

Барлығы 200 келідей өлі мөңке балығы жиналған.

«Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін су сынамалары іріктелді. Қазіргі болжам бойынша, балықтың қырылуына қыста суда оттегінің болмауы себепші болған. Павлодар облысының экология департаменті мен «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС мамандары балықтары біразын сойып, патологияның жоқтығы және өлімнің басқа себептері жоқ екенін анықтады», делінген хабарламада.

Жиналған балық санитарлық нормаларды ескере отырып жойылды.


Соңғы жаңалықтар