+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Павлодар облысындағы цифрлық жобалар жемқорлықтың алдын алуға көмектесуде

2020 жылғы 13 тамыз 13:13
Бөлісіңіз:
Павлодар облысындағы цифрлық жобалар жемқорлықтың алдын алуға көмектесуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жүзеге асып жатқан цифрлық жобалар жемқорлықпен күресте қалай көмектесіп жатқаны туралы «AntikorLive» жобасының тікелей эфирінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәжірибе көрсеткендей, цифрлық жобалар жемқорлықтың болуының алдын алады және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге ықпал етеді. Өзім көбінесе әлеуметтік салада жұмыс істейтіндіктен, бір мысал келтіре кетейін. Облысымызда «Электрондық балабақша« жобасы жүзеге асуда. Бұл - балабақшаға кезекке тұру, балабақшаға жолдама беру сияқты мемлекеттік қызмет түрлерінің электрондық форматқа көшуі. Сондай-ақ, «Электрондық мектеп« жобасы да іске асуда», - дейді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова.

Ол цифрлық жобалар жемқорлықпен күресте қалай көмектесетінін айтты.

«Нәтижеге келер болсақ, бір ғана жоба сияқты, бірақ жағдайдың өзгеруіне үлкен ықпал етуде. Біріншіден, барлық балабақшадағы балалар мен балабақша қызметкерлері ЖСН бойынша тексеріледі. Балаларды балабақшаға жүйеден тыс тіркеу бойынша жемқорлық тәуекелі жойылады. Сәйкесінше, біз осы жүйе негізінде төленетін мемлекеттік тапсырысты бақылауда ұстай аламыз. Балалар туралы мәліметтерге қатысты барлық есепті жүйеге бөлім қызметкері жүктейді. Балабақшада жұмыс істейтіндерді мазаламаймыз, сондықтан олардың жұмысы да жеңілдейді. Ата-аналар да жолдама алу үшін балабақшаға бармайды. Сондай-ақ, Павлодарда балабақшадан балаға орынды алдын ала алып қою жүйесі іске қосылды. Бұл шара медициналық мекемеге анықтама алуға келетіндер қанша болатынын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік берді», - дейді ол.

Оның айтуынша, бәрі ашық түрде болған кезде тұрғындар тарапынан шағым аз түседі.

«Цифрлық жобаның тағы бір артықшылығы - тұрғындар тарапынан шағым азая бастады. Бәрі ашық түрде болған кезде қызметкерлер айла-шарғы қолданды деген күдікпен қарамайсың. Биыл 109 бірыңғай байланыс қызметі іске қосылды. Бұл қызмет тұрғындардың сұрағын тіркеп, бірден жауап береді. Осылайша, тұрғынның шағымы қай деңгейде қаралып жатқанын бірден білеміз», - дейді Айзада Құрманова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT