Павлодар облысындағы барлық медициналық мекемелер компьютермен жабдықталады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жергілікті медициналық ұйымдар компьютерлермен аз қамтылған және кей жерлерде интернет қолжетімсіз. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Бізде дәрігерлер қазірге дейін құжаттарды электрондық паспорт түрінде емес, қағаз жүзінде толтырады. Жергілікті медициналық ұйымдар компьютерлермен аз қамтылған және кей жерлерде интернет жоқ. Павлодар облысында бірінші тоқсанда компьютерлік техникалармен қамтамасыз ету мәселесі шешілуі тиіс», - деді Павлодар облысының әкімі әкімдіктегі жиналыста.

Павлодар облысының әкімі Мемлекет басшысының барлық салаларды цифрландыруға баса назар аударып жатқандығын еске салды. Енді, Б.Бақауовтың пікірінше, өңір билігі халыққа «цифрландыруды енгізудің аспектілерін түсіндіріп, оның тиімділігін айту керек.

Соңғы жаңалықтар