Павлодар облысында «Жұмыспен қамту-2020» МБ бойынша жоспар 3,2 есеге асырылып орындалған

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бойынша жоспар 3,2 есе асырылып орындалған. Бағдарламаға қатысуға шамаланған 1734 адамның орынан өткен жылы ЖҚЖК-2020 шараларымен 5590 адам қамтылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Балтабай Қаппасов.

«ЖҚЖК-2020 бағдарламасының бірінші бағыты бойынша аймақта төрт дәрігерлік амбулаторияның (Ақтоғай ауданының Қожамжар ауылы, Павлодар ауданының Красноармейка және Мичурино ауылдары, Шарбақты ауданының Хмельницкое ауылы) құрылысы аяқталып, 39 жоба бойынша жөндеу жұмыстары өткізілді, онда бағдарламаның 356 қатысушысы жұмысқа тұрған, бұл 54,6 пайызды (нысандарда жұмыс істейтіндердің жалпы санының 50,0 пайызы жоспарында) құрап отыр.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан 166 адам (жоспар бойынга - 150 адам) өткен. 194 үміткер (жоспарда - 151 адам) шағын несиелер алған», - деп атап өтті Б.Қаппасов.

Бұдан басқа, ведомство басшысының айтуынша, бұған дейін қайтарылған (шоғырландырылған) қаражат есебінен бағдарламаның 104 қатысушысына 182,3 млн. теңгеге микро және шағын несиелер берілген.

Бағдарламаның үшінші бағытының аясында 31 қатысушыны еңбек нарығында қажет етілетін мамандықтар бойынша кәсіби оқыту ұйымдастырылды. Олардың барлығы оқыту аяқталған соң тұрақты жұмысқа орналасқан.

2011-2014 жылдардан бері ЖҚЖК-2020 бағдарламасының 499 қатысушысы кәсіби даярлықты жалғастырған. 497 адам оқытудан өтіп, соның ішінде 414 адам, немесе 83,3 пайыз тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.

Жыл басынан бері әлеуметтік жұмыс орындарына 566 адам (жылдық жоспарда - 476 адам) орналастырылды.

Жастар тәжірибесі оқу мекемелерінің 404 түлегі үшін ұйымдастырылды (жылдық жоспар - 265 адам).

Бағдарламаны іске асыруға бөлінген 1,6 млрд. теңге толық игерілген, деп атап өтті басқарманың басшысы.

Соңғы жаңалықтар