+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Павлодар облысында жүкті әйелдердің коронавирус жұқтыруы көбейді

2021 жылғы 29 шілде 23:10
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында жүкті әйелдердің коронавирус жұқтыруы көбейді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Соңғы тәулікте өңірде 7 аяғы ауыр әйел адамнан коронавирус анықталған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда коронавируспен күрес шараларына 4,2 млрд теңге бөлінді Ақтөбе облысында дәрігер тапшылығы жоқ – Руслан Хамбаров Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер 100 пайыз екпе алды

Бұл туралы онлайн өткен баспасөз жиынында Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов мәлім етті.

« Облысымызда ауруханаларға КВИ жұқтырған жүкті әйелдер көп түсуде. Аяғы ауыр әйелдерге қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеміз. Қазіргі уақытта 44 жүкті әйел емделіп жатыр. 1 әйел пневмония жұқтырған. Ауруханаларда жеңіл түрде 34, орташа жағдайда 2, ауыр жағдайда 1 жүкті әйел бар», - деді Айдар Сейітқазинов.

Басқарма басшысының айтуынша, жуырда өкпесінің 90 пайызы зақымдалған жүкті әйел босанғанын атап өтті.

«Ол әйелде өкпесі дерлік толық зақымданған болды. Жүрегі тоқтады. Шұғыл шаралар қабылданды. Әйел адам өздігінен босанды. Қазір жағдайлары жақсы. Кардиологиялық орталықта жатыр. Қазір тамақтанады, өздігінен тыныстап, сөйлейді. Жағдайлары жақсы», - деді Айдар Сейітқазинов.

№1 қалалық аурухананың акушер-гинекологы Ирина Красильникова жүкті әйел адамның КВИ жұқтыруы денсаулыққа қалай әсер ететінін айтты.

Аяғы ауыр әйелдің КВИ жұқтыруы шаранаға әсер етеді. Іштегі баланың денсаулығына қауіп төндіруде. Түсік тастауына, дүниеге келу уақыты жақындаған шараналардың шетінеп кетуіне әсер еткен жағдайлар болды. Жүкті әйелдер КВИ жұқтырғанын ауыр қабылдауда. Психологилық тұрғыда ауыр тиюде, - деді Ирина Красильникова.

Ирина Красильникованың айтуынша, КВИ-дің анасынан балаға жұғатын жағдайлар да орын алып тұрады.

«Соңғы рет Екібастұздан келген әйел адамда осындай жағдай орын алды. Оның қосымша аурулары болып, босанарға дейін жансақтау бөлімінде жатты. Оның босануына рұқсат берілді. Босанғаннан кейін балада КВИ анықталды. Бала бөлек жатқызылды. Анасы келіп отырды. Емделуі аяқталғанға дейін бізде жатты»- деді Ирина Красильникова.

Жыл басынан бері Павлодар облысында 2 әйел адам КВИ жұқтырған сәбиді дүниеге әкелген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT