Павлодар облысында жүк көлігі көпірге соғылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында жүк көлігінің жүргізушісі көпірге соғылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«16 қараша күні сағат 16:00 шамасында Павлодар-Қызылорда тасжолының Береке ауылы маңында орналасқан көпірдегі жолайырықта «Shacman Sx» маркалы автокөліктің 1968 жылы туған жүргізушісі жөндеу жұмыстарын орындап жүрген. Көпірдің жол айырығында тиелген топырақты төгіп, кузовты түсіруге ұмытып кеткен. Қозғалысын әрі жалғастырған машина көпірдің бетонды тірегіне соғылған», - деп мәлім етті Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ақпаратқа сәйкес, апат салдарынан жүргізуші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, көліктің кузовы бүлінген. .

«Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-тармағы «Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылыс жайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деді полицияда.

Соңғы жаңалықтар