Павлодар облысында жолдың нашар жабдықталғаны үшін 21 әкім жазаға тартылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Биылғы 10 айда Павлодар облысының полицейлері жалпы қолданыстағы жолдардың 1240 тексерісін жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылдың 10 айында жалпы қолданыстағы жолдардың 1240 тексерісі жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша мүдделі субъектілерге кемшілікті жою туралы 1255 ескерту жолданды», - деп баяндады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Құқық қорғау органдарынан жол-көлік инфрақұрылымын жабдықтау - жол қауіпсіздігіндегі маңызды фактор екенін, осыған байланысты аймақ полицейлерінің оларды тұрақты тексеріп отыратынын айтып сендірді. Осындай тексерістер кезінде әртүрлі бұзушылықтар анықталуда.

«Жолдарды жабдықтау және жолдағы өндіріс ережелерін бұзғаны үшін 209 лауазымды және заңды тұлға жауапқа тартылған, соның ішінде ауыл және ауылдық округтердің 21әкімі бар. Оларға 6 миллионнан астам теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп қосып өтті облыстық полиция департаментінен.

Мәселен, тексеру кезінде Шарбақты тас жолының 10-шақырымында жол қозғалысы қауіпсіздігініне қауіп төндіретін ақаулар анықталған.

Көлік жолдардың жөнді жабдықталуын қамтамасыз етпеген филиалдардың бірінің 44 жастағы директорына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 631-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының м.а Бәкібай Ахмедьянов.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 185 теміржол өткелі тексерілген. Оларда тиісті жол белгілері және жарықтың болмағаны, төсемнің қанағаттанарлықсыз жағдайда екені анықталды. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 185 ескерту берілген. Теміржол өткелдерін жөнді жабдықтамағаны үшін 25 лауазымды тұлғаға 730 мыңға жуық сомаға әкімшілік айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар